Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барғанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада: «Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», деп жазылған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
Фото: www.inform.kz