Главная » Новости » Әлихан Шыңы » Әлиханның 150 жылдық мерейтойы лайықты деңгейде аталып өтуі тиіс

Әлиханның 150 жылдық мерейтойы лайықты деңгейде аталып өтуі тиіс

Әлихан 150

Сіз бен біз әлемдік қауымдастық алдында Қазақ елінің беделі мен абыройын құтқара аламыз. Ол үшін осы жылға белгіленген Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде лайықты атап өтуге баршамыз бір кісідей атсалысайық.

Екі ай бұрын ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Әлиханды «шынайы бүкіл әлемдік даңқты тұлға» деп танып, биылғы 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға қатысуы жайында Қарар қабылдады.

ЮНЕСКО-ның жаңа ережесіне сай, «барлық мерейтойлық іс-шаралар осы уақытқа дейін күні бұрын жоспарланып қою керек (соның ішінде ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде де) және соған тікелей мүдделі мүше-мемлекетте оларды ұйымдастыру үшін жеткілікті көлемде қаржы көзделуге тиіс».

Алайда Үкімет «қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылға мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көделмегенін», «мерейтойлық мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетінін», сондай-ақ Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі… арнайы комиссия құрудың орынсыз екенін» хабарлады (Үкімет жауабының көшірмесі бар).

Өткізілуге тиісті мерейтойлық іс-шаралардың жоспары Астанада 13.09.2011 күні Ә.Н.Бөкейханның 145 жылдығына арналып өткен Халықаралық ғылыми конференцияда мақұлданған болатын. Бұл жоспар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 06.03.2014 күні ұйымдастырылған Республикалық ғылыми конференция қарарында толықтырылды.

«Алашорда» қоғамдық қоры Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» институтымен бірлесіп, Әлиханның 150 жылдығына арнап «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 16 (18) томдық толық жинағы» көптомдығы, «Әлихан Бөкейхан: Алаш-Орда… ешқандай санкцияларды қажетсінбейді» (жұмысша атау) атты тұңғыш 2 томдық монографияны (қазақ және орыс тілдерінде), сондай-ақ бірқатар тағылымды кітапты баспаға дайындады. Аталған кітаптар мен жинақтар қажетті қаражат табылған жағдайда дереу жарық көреді.

Алайда Үкіметтің берген жауабына сәйкес, «шын мәнінде әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлға» ретінде танылған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі толығымен министрліктер мен мекемелер мен жоғарғы оқу орындарына түсіріліп отыр. Министірліктердің нұсқауын мекемелер мен облыс әкімдері міндетті түрде орындамайды. Қайраткер есімін ұлықтау жөнінде тіпті әңгіме жоқ. Сөз Ә.Н.Бөкейхан есімін еліміздегі ұлттық университеттің біріне, Алматы метросына; Астанада, Қарағандыда, Семейде оның ескерткішін орнату; Мәскеуде, Омбыда, Орынборда, Минскіде және т.б. жерлерде ескерткіш тақталар ілу; Семей қаласының атын Алаш деп өзгерту; Астанада, ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде, Стамбулда, Мәскеуде, Омбыда халықаралық конференциялар мен симпозиумдарды өткізу және өзге де шаралар жайында болуға тиіс.

Алайда, біздің тәжірибеміз көрсеткендей, халықаралық мерейтой облыстық немесе республикалық іс-шара ретінде ғана өтуі мүмкін. Оған мысал – әйгілі Абылай ханың 300 жылдығы, немесе Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты өткен шаралар.

1917-1920 жылдары жаңа форматта құрылған Алаш қазақ мемлекеті қатардағы қарапайым қазақтар мен байлардың қаржысына ұйымдастырылып, қызмет істегенін біздің тарихымыз айғақтайды. Төменде ұсынылған мақала оны растай алады.

Осы орайда, ардақты Алаш азаматы, Отанымыздың шынайы тарихына, елі мен жерінің, ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған, қазіргі Қазақстанның қалыптасуына өшпес үлес қосқан шынайы тарихи тұлғаларға немқұрайды қарамайтын әрқайсыңыз, «Алашорда» қоғамдық қорына әркім өз шамасына қарай қаражат аудару арқылы Әлихан Бөкейханның есімін және ол құрған төрт «Алашты» – ұлттық жаңғыру идеясын, ұлт-азаттық қозғалысты, қазақтың тұңғыш саяси партиясын және Автономияны мәңгілік есте қалдыруға үлес қоса аласыз.

«Алашорда» қоғамдық қоры
ИИН: 000940007148
КБЕ: 17
Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT)
KZ19914012203US000VR (USD)

Құрметпен,

Сұлтан Хан Жүсіп
«Алашорда» қоғамдық қорының директоры

Астана, 26.01.2016 ж.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*