Главная » Главная тема » Әубәкіров Ерасылды іздестіру шаралары туралы соңғы жаңалықтар

Әубәкіров Ерасылды іздестіру шаралары туралы соңғы жаңалықтар

12696700_522000141307925_2003049069_o

Бүгін, 5 ақпан күні «Астана медицина университеті» АҚ интернатурасының деканы Сыздықова Айнұр Сайлаубайқызы университет студенті Әубәкіров Ерасылдың жоғалып кетуіне байланысты жиналыс өткізді. Жиналысқа интернатура студенттері, ІІД қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Студенттерге іздеу жұмыстары түсіндірілді. Он-оннан топтарға бөлінген студенттер Астана қаласы бойынша әр аймақтарда іздеу шараларын ерікті түрде өткізді. Жоғалып кеткен 23 жасар студент жігітті іздестіру оның тұрған үйі маңайынан басталып, Абылай хан көшесінен №1 қалалық ауруханаға дейінгі аймақ, «Интернациональное» ауылы, Қорғалжын тас жолы, Жағалау, Ханшатыр, Керуен жақтарда сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін жүргізілді. Сондай-ақ ауруханалар мен мәйітханалардан сұрастырылды.

Студенттерге жүктелген міндет: іздестіру үндеу хаттарын тарату, халық көп жүретін жерлерге ілу. Курстасының жоғалып кеткеніне бейжай қарамаған студенттер шағын дүкендер мен шаштараздарға, жанармай бекеттеріне дейін барып үндеухаттарды іліп жүрді. Одан бөлек 20 студент ІІД қызметкерлерімен бірге іздеу шараларына белсене қатысты. Құдықтар, ойыс жерлер, құрылыс орындарына дейін барды. Жедел іздеу шараларына көмекке кинолог мамандар да келді.

Соңғы жүрген жері Жағалау аймағы деген болжам бар. Жағалаудағы көше камерасына Ерасылдың сұр түсті Nissan Sefiro 938 автокөлігіне отырғаны тіркелген. Іздеу шаралары Ерасылды тапқанша тоқтатылмайды.

Естеріңізге саламыз, Астана медицина университетінің 6 курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні сағат 18.00-ден үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) шығып сол жағалауға шаруаларымен кеткен. Сол күйі оралмаған. Телефоны өшірулі. Емтиханға да келмеген. Үстінде қара көк күртесі мен қара құлақшыны болған. Бойы шамамен 175-180 см, салмағы 70-75 келідей, -деп жазылған хабарламада.

Көрген-білген адамдар болса, мына телефон номерлеріне хабарласса екен:

8 747 024 8129 Ерасылдың әкесі; 8 707 143 9425 Ерасылдың досы Дияс.

Әйгерім МАҚАЖАН.

1 комментарий

  1. Іздеп жүрген кезде «табылса екен?» деп жүресіңде, құдық, үңгір, тіпті ауызы буылған қапты көрген кезде «Е, Аллам, тек бұл жерден табылмай — ақ қойсыншы, не де болса жылы жерде аман — есен болсыншы» деп жүрегің сыздап кетеді екен???
    Адамдар «кім жоғалмай жатыр, көптің бірі ғой» деп, бей — жәй қарамасыншы…

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*